«Ауыл» партиясы Мәжіліске баратындардың тізімін бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«2023 жылғы 27 наурызда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесінің Президиум отырысы өтті. Партияның Жарғысына сәйкес жиында 2023 жылғы 19 наруызда өткен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы нәтижесінде алған 8 депутаттық мандат иелері анықталып, бекітілді», - деп жазылған партияның баспасөз мәліметінде.
Сонымен, партия атынан Парламенттің төменгі палатасына депутат болатындар:
- Жигули Дайрабаев (партия төрағасының орынбасары, Қазақстан фермерлер қауымдастығының жетекшісі);
- Серік Егізбаев (бұрынғы Ауыл шаруашылығы, ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі);
- Қарақат Әбден (әйелдер квотасы бойынша);
- Анас Баққожаев (партия төрағасының орынбасары);
- Ерболат Саурықов («Ауыл» ХДП Жамбыл облысы бойынша облыстық филиалының төрағасы, Ш.Мұртаз атындағы Тараз халықаралық инновациялық институтының президенті);
- Николай Арсютин, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары;
- Аян Зейнуллин (жастар квотасы бойынша);
- Таңсәуле Серіков, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ оқытушысы (инклюзивті қоғам өкілдеріне арналған квотаға сәйкес).
Еске салсақ, 19 наурызда өткен сайлау қорытындысы бойынша «Ауыл» партиясы 693 938 (10,9%) дауыс жинаған.