Жұмсақ орындарына жайғасқан Мәжіліс депутаттары ант беріп жатыр

Ғалиасқар Думан

VIII сайланған Мәжілістің депутаттары ант беріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

әлеуметтік желіден

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - делінген ант мәтінінде.

Бұдан бұрын Мәжіліс депутаттарының толық тізімін жариялағанбыз.

Еске салайық, 19 наурыз күні өткен сайлаудың қорытындысы бойынша  «Amanat» партиясы сайлаушылардың – 53,90, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90, «Respublica» партиясы – 8,59, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41, «Қазақстан халық партиясы» – 6,8, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» 5,20 пайыз дауысын жинады. Осылайша «Amanat» партиясына - 40 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 8 мандат, «Respublica» партиясы – 6 мандат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 6 мандат, «Қазақстан халық партиясы» – 5 мандат, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына» 4 мандат бұйырды.