Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Жаңаөзенде тұрғындардың ұсталуы Астанадағы оқиғамен байланысты еместігін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Бүгін таңертең Жаңаөзенде 40-қа жуық адам жолды жауып, көліктердің қозғалысына кедергі келтірген. Олар өздерін жұмысқа орналастыруды талап етті. Жолды жабушылар полиция бөліміне жеткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілгеннен кейін, үйлеріне жіберілді. Ешкім жауапкершілікке тартылған жоқ”, – деді Бас прокурордың орынбасары.
Еске салайық, бұдан бұрын әлеуметтік желілерде Жаңаөзенде көшеге шыққандарды жаппай ұстау жалғасып жатқаны жайлы видео тараған.