Олигархтың өлімі, Қаржаубайдың үндеуі - Ұлыс апта

Аян Өрібай

Ulysmedia.kz порталы аптаның басты оқиғаларына кезекті шолу жасап, қоғамдағы өзекті мәселелерді көрермен назарына ұсынады.

Коллаж Ulysmedia

30 жыл билікте болған Назарбаевты алмастырған Тоқаевтың президент болғанына 6 жыл. Осы уақытта ел ішінде не өзгерді? Саяси плюрализм шынымен артты ма? Сарапшылар оның басқаруын Қаңтар оқиғасынан кейін деп қарау керек дейді. Бұл қаншалықты обьективті?

Дежавю сезім. Депутаттар Тоқаевтан «екінші елбасын» жасамақ па? Мәжілісте неге Қошановтан бастап бәрі шетінен оған мақтау мен мадақ айтты? Аты атылмаса да Назарбаев көп сыналды.

Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды. Енді АЭС-ке қатысты мәселеде толық жауапкершілік агенттіктің төрағасы болып тағайындалған Алмасадам Сәтқалиевке артылады. Ал энергетика министрі міндетін енді Ерлан Ақкенженов атқарады.

Астана іргесіндегі Қоянды ауылы тағы да су астында қалды. Жұрттың зарын ескеріп жатқан әкімдік жоқ. Еріген қар Ақтөбеге де қауіп төндіріп тұр. Ойыл өзені бойындағы ауылдардың халқы көлікке емес, қайыққа отырған. Төтеншеліктердің даярлығы қалай? Тағы да ай қарап отырмай ма?  

«Қазақтың ұл-қыздарының көшеде өлуі тоқтасыншы». Шерзаттың әкесі Тоқаевқа үндеу жасады.

Аптаның соңында қазақстандық олигарх, Израиль азаматы Александар Машкевич қайтыс болды. Ол Лондонда жерленеді.

Машкевич құрамына «Қазхром», «Қазақстан аллюминийі», «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігі» кіретін ERG компаниясының құрылтайшыларының бірі.