Қазақстандағы “казахафобия”. Шерзатты “делайте” деген кім? Экспо ісіндегі Айдос Есполовтың рөлі

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Ulysmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы аптаның басты оқиғаларын қорытындылап шықты.

Куәгерлер «есінен танған» сот. Марқұм Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан процесте куәгерлердің дені қайғылы оқиға болған күндегі көп жағдайды ұмытып қалыпты. Жұмбақ жағдайда қайтыс болған Шерзаттың ағасы марқұм Нұрғанаттың тергеу барысында айтқаны сот шешіміне әсер ете ала ма?  «Делайте» деп пәрмен берген Чика деген кім? Бұл сотта әділ шешім бола ма? 

Ұлысмедиа көтерген мәселе Парламентте қозғалды. ЭКСПО ісі бойынша сот үкіміне наразылық танытуға не түрткі болды? Депатуттардың назарына ілінген Талғат Ермегияевтың орынбасары Марат Омаровпен сұқбат ЭКСПО көрмесін ұйымдастыруға бөлінген қаражаттың миллиардтарын кім дорбалап алғанын көрсетті. Бұл істе Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Исабаеваның ағасы Айдос Есполов қандай рөл атқарған? Және олар неге әлі күнге дейін тергелмей отыр?

Ұлтшылдар өсіп келеді. Тоқаевтың сөзінен кейін тіл мәселесіне байланысты шу шықты. Астанадағы сауда орындарының бірінде қазақ тілінде сөйлеген тұтынушыға сатушы мемлекет басшысының сөзін алға тартып, дөң-айбат шеккен. Ал осы уақытта өзге ұлт өкілі «казахафобия» туралы видео жазып, қазақ тілін құрметтеуге шақырған 

Салық кодексі қабылданды. Санаулы депутат қана қарсы болып, дау туғызған құжат мәжілістен сенатқа жолданды. Елді алаңдатқан қосымша құн салығы не болды? Халық салық астында қалса, қалай күн көрмек? 

Толық нұсқасын YouTube арнадан көріңіздер.