ULYS-TV

«Самұрық-Қазынаның» келесі басшысы соңғы басшысы болуы керек» – сарапшылармен талқы
кеше, 21:00 ULYS-TV
«Самұрық-Қазынаны» кім және қалай өзгерте алады? Басшыны ауыстыру жеткілікті ме, әлде тұтас жүйені қайта құру керек пе? Терезеден лақтырылған долларлар туралы видео қоғамның ашуын туғызды. Бірақ бұл оқиғаны талқылаумен ғана шектелуге болмайды. Ұлттық компаниялар қалай басқарылып жатыр? Халықтың байлығы кімнің мүддесіне жұмыс істеуі керек? Осындай жағдайлар қайталанбауы үшін қандай шешімдер қажет? Ulysmedia алаңында Самал Ибраева қаржыгер, кәсіпкер Арман Батаевпен және нарық сарапшысы, қаржыгер Бауыржан Мұқановпен «Самұрық-Қазынаның» болашағын, ҚТЖ-ның қаржылық жағдайын, мемлекеттік активтерді басқару мен экономиканы ырықтандыру мәселелерін талқылады.