Ұлыссұхбаттың бүгінгі қонағы – бұрынғы мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер әрі бүгін де Мәжіліс төрінде жүрген депутат Болатбек Нәжметдинұлы. Елдің оңтүстігінде кәсібі бар оны депутаттыққа не жетеледі деп ойларсыз. Иә, біз сұхбатымызды сол сұрақтан бастап, депутатқа ел көкейінде жүрген көп сауалды қоюға тырыстық. Кәсіпкердің Парламентке келудегі миссиясы, журналистпен соттасуы, өзінің соттылығына қатысты қауесеттер, Шымкенттегі кәсібі жайлы жазатындар көп. Бұл жайлы өзі не дейді? Бұдан бөлек ауылшаруашылығы саласындағы кемшіліктер, машина жасау, құрылыс нарығында Қазақстан мүддесінің ескерілмеуі, активтерді қайтару заңы, Қаңтар ісіндегі атышулы есімдер жайлы не ойлайды? Ұлыс сұхбаттың кезекті сұхбатын тыңдай отырыңыз.