Армысыз, қазақ елі! Аптаның басталғаны кеше еді, аяғына да келіп жеттік. Жалпақ жұртты бір жылымен құттықтаймыз! Бұл аптада барша қазақ Көрісу күнін атап өтіп, бір-бірімен кеуде түйістірді. Өкпесін кешіріп, үлкеніне құрмет көрсетті. Біз де барша халыққа құшағымызды ашамыз, пәк пейіл көңілімізді білдіреміз. Ұлыс апта қашанда ұлыспен бірге, ұлыстың үні! Осы принципімізден таймаймыз! Ендеше Ұлысаптамыздың ойтүйінін ұсынамыз.