Бұл сұрақты Ulysmedia тілшісі Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке қойды.
- Расында да, ол жерде жеке компания газ кенішін игеріп жатыр. Газ өндірудің ақырғы кезеңі таяп қалды. Аталған ауданның (Зайсан ауданы) қажеттілігін барынша қамтамасыз ету үшін өздеріңіз білетіндей аталған компанияға экспортқа газды шығаруға (Қытайға) тыйым салынған. Экспорт бағыттары бөгелді. Бүкіл газ тек ішкі қажеттілікке жұмсалуда, – деді Сәтқалиев Ақорда кулуарында.
Оның айтуынша, бұл тұрғыда эксплуатацияның техникалық қызметі жағынан мәселелері бар. Энергетика министрлігі тарапынан аталған газ желілері иелерінеескерту жасалған. Таяуда ол жаққа министрліктің комиссиясы аттанып, аталған активтердің дайындығын тексереді.
"Ал сіз ол жақтағы жағдайдан хабарыңыз бар ма?” деген сұраққа министр былай жауап берді.
"Ол жерде қазір тек бір ғана компрессор жұмыс істеп тұр. Резерв ретіндегі екіншісі жоқ. Яғни бір ғана компрессор істен шықса, газбен қамту жағынан мәселе туындауы мүмкін. Газ кеніштерінде расында да игерілу жағынан соңғы сатыға таяп қалды. Келешекте газды басқа көздерден жеткізу жоспары бар”, – дейді ол.
Айта кетейік, жуырда Жоғарғы сот Тарбағатай мұнай компаниясына 6 млрд теңге айыппұл салған. Бас прокуратураның хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының газ өндіруші кәсіпорны 2015 жылдан 2019 жылға дейін газды әлемдік нарықтық бағадан құнын төмендетіп сатқан және шетелге жөнелткен. Салықты қосымша есептеу туралы фискалдық органның шешімімен келіспей, компания оның хабарламасына қарсы шығып сотқа берген.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салмақ. Энергетика министрлігі бұл шектеу елдің ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқанын мәлімдеді.
Қазақстаннан автогаз әкетуге тыйым бұған дейін де салынғанын айта кеткен жөн. Мұндай бұйрықтар 2017 жылы да шығарылған, құжаттар сұйытылған мұнай газын автомобильдермен шетел асыруға 3 жылға тыйым салды. Алайда бұған дейін теміржол көлігіне қатысты шектеу болмаған.
Қаңтар-шілде айларында елімізде өндірілетін отынға жалпы сұраныстың 85%-ға жуығы қазақстандық автогаздың негізгі сатып алушылары саналатын бес елден түсті: