Әлекке салған қарғын су: Құлсарыда түнде түсірілген видеолар тарады

Оралхан Қожанов

Құлсары қаласының тұрғындары өткен түнді ұйқысыз өткізді. Қадір түнімен байланысты емес, әрине. Қарғын судың қарқыны артып, жандарын шүберекке түйген жұртшылық қауіпсіз жерге көшіріле бастады, деп жазады Ulysmedia.kz.

бейнежазбадағы кадр

Бұл түні қала тұрғындарының жартысы ғана эвакуацияланған. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасып жатыр. 

Соңғы деректерге сәйкес, Құлсарыдан Маңғыстау облысына 5 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланған. Оның 214-і  – балалар.

Тұрғындар Атырау мен Құлсары арасында қатынайтын пойыз тоқтап қалмаса екен деп отыр. Себебі, автожолдардың барлығы дерлік жабық.

Бейнежазбада тұрғындар шағын аудандарды әп-сәтте су басқанына таңданыс білдіреді. Бөгеттердің жарылғаны да айтылады.

Естеріңізге салсақ, Атырау облысы Құлсары қаласында кеше сағат 22.45-тегі жағдай бойынша алдын ала ақпаратқа сәйкес, 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимаратын су басқан болатын.