Атырауда ауа ластанып, "улы коктейль" тарады: адвокат әкімнің отставкаға кетуін талап етті

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Адвокат Нұрлан Жолболов Атыраудағы ауаның ластануына алаңдап, облыс басшысы Серік Шәпкеновтің отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“АТЫРАУ ТҰНШЫҒЫП ОТЫР”

Адвокат қалада ауаның нашарлап кетуіне байланысты әкімнің қызметінен кетуін талап етті

- Неге Атырау тұншығып отырғанда облыс әкімі Серік Шәпкенов әлі күнге дейін орнында отыр? Жұмыс істей алмасаңыз, қолыңыздан келмесе, сізге кету керек қой. Күн сайын түнде Атырау қаласының үстіне күкіртсутек, аммиак, бензол және басқа да улы заттардан тұратын “улы коктейль” төгіледі. Енді оған қоса күйе иісі де әр тұрғынның ұйқысын “серік” етеді. Атыраудағы мыңдаған отбасы түнде сіздердің “өндірістік сергектіктеріңізді” иіскемес үшін терезесін жауып жатуға мәжбүр. Ал әкім Шәпкенов болса мүлде көрінбейді, үнсіз, бейне бір көзге көрінбейтін қалпақ киіп алған секілді. Сіз де біз сияқты тұншығып жүрсіз бе, жоқ әлде немқұрайдығыңыздан тұншығасыз ба?, дейді Жолболов. 

АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙ

Адвокат Атыраудағы ауаға қатысты жағдай апаттық деңгейге жеткенін айтады. 

- Халық сізді жай аймақ басшысы емес, “тұманның баспасөз хатшысы” дейді. Атыраудың экологиясы онсыз да ондаған жылдар бойы нашарлап келеді. Бірақ дәл сіз әкім болып тұрған кезде ол апат деңгейіне жетті. Бұған сандар дәлел: “Қазгидромет” деректеріне сүйенсек, 2024 жылы Атырауда күкіртсутектің шекті рұқсат етілген мөлшері 4-6 есе артып кеткен. Балалардың тыныс алу жолдары бойынша сырқаттану деңгейі республикалық орташа көрсеткішкен 2 есе жоғары. Жайық өзеніндегі тұщы су көлемі апат шегіне жетті. ТШО, АМӨЗ, Қазмұнайгаз және басқа кәсіпорындардың апаттары мен ай сайын тіркеледі. Сотқа арыз, өтініштеріңіз қайда? Неге шұғыл шаралар қолданбайды? Неге өндіріс орындары атымен аталмайды? Неге кінәлілер жазаланбайды? Бұл сіздің тікелей міндетіңіз ғой. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның 13-бабында былай делінген: Әрбір азаматтың қолайлы қоршаған ортада өмір сүруге құқығы бар. Ал сол ортаны қамтамасыз ету облы әкімі ретінде сіздің міндетіңіз. Егер сіз мұны орындалмай алмасаңыз отставкаға кетіңіз!, дейді адвокат. 

ҚАМЫСТЫҢ ЖАНУЫ

- Неге Атырауда қамыс жанып жатыр. Сіз бұны білмейсіз бе? Оны аптап ыстыққа, қатты желге жаба саласыз. Бірақ соның өзінде де сіз барлық қажет шараны қабылдауыңыз керек еді. Ал шындық мүлде басқа жақта. Қамыс 10-15 шақырымға дейін жанып жатқан жоқ. Өрттің қасақана қойылғанына дәлел бар. Халық алаңдаулы, дейді адвокат.  

БҰҒАН ДЕЙІН 

Айта кетейік, күні кеше Атырауда үшінші күн қатарынан қою түтін сейілмей тұрғанын хабарлаған едік. «Ақжайық» резерватында қамыс өртеніп жатыр, ал қалада өткір иіс пен ауада қауіпті деңгейдегі ластанғаня байқалады