Ақмола облысында тылсым күштермен айналысқан адам жоғалып кетті

Сырым Қаржас
Фото: полициядан

Щучинск қаласының тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полиция дерегінше, жоғалған Дмитрий Мостепан өз автокөлігін ұлының атына рәсімдеп бергеннен кейін жоғалып кеткен. Сондай-ақ ол жақындарына бірнеше рет Ресейге, Алтайға көшіп кеткісі келетінін айтқан.

Бұған қоса, соңғы үш жыл ішінде Мостепан православиелік бағыттағы оккульттік ілімдерге әуестеніп жүргені анықталды.