Мұндай жұмыс жоспары 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешеніне енгізілген, деп хабарлайды ulysmedia тілшісі.
«Тұрақтандыру қорларының жеткілікті болуын қамтамасыз ету, импорталмасу жобаларын іске асыру шараларын, сондай-ақ бағаларды әкімшілік реттеуден кету және дезинфляциялық ақша-несие саясатын жүзеге асыру сияқты жүйелі шараларды көздеп отырмыз», - деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, инфляцияға қарсы әрекет ету шараларын тиімді іске асыру және олардың орындалуына мониторинг жүргізу мақсатында Сауда және интеграция министрлігі қарамағында тұрақты жұмыс істейтін операциялық штаб құру ұсынылады. Оның құрамына орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары кіреді.
«2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенінің жобасы әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының тұрақталуына әкеледі», - деп сендіреді министр.