Қазақстан Түркияға әуе рейстерін арттырады

Аян Өрібай

Қыркүйектің ортасынан бастап Air Astana және Turkish Airlines әуе компаниялары Алматы – Ыстамбұл бағытындағы рейстер санын 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ulysmedia тілшісі.

ұшақ

ИИДМ таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл рейстерден бөлек 22 қыркүйектен бастап SCAT әуе компаниясы Ақтөбе - Ыстамбұл бағытында аптасына 2 рейспен ұша бастайды.

Түркиямен арадағы рейстер санын әрі қарай арттыру эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Түркияның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.