Шетелдік бизнесмендер Қазақстанға 4 млрд теңгеден астам қарыз

Ғалиасқар Думан

Өзінің депутаттық сауалында сенатор Андрей Лукин осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Депутаттың сөзінше, шетелдіктер Қазақстанда өз компанияларын тіркегеннен кейін біздің елден кетіп қалады. Ал құрылған фирмаларды жалған шот-фактуралар жазу, салық төлеуден жалтару және қаржыны көлеңкелі айналымға шығару үшін пайдаланады.

«Бизнес-иммигранттардың визасыз 198 компаниясында 4 млрд. теңге берешегі бар. 1,5 мыңнан астам компания тіркеу орнында жоқ және 2 мыңға жуық фирма жұмыс істемейді. Бұл толық дерек емес. Мемлекеттік кірістер органдары заңды тұлғаны құру кезінде заңнамалық бұзушылықтарға жол беруіне байланысты оны тарату жолымен талап қоюға құқылы. Заңды тұлғаны құрған шетелдіктің бизнес-иммигрант визасын алмауы осындай бұзушылықтың бірі болып табылады. Алайда, республикалық маңызы бар облыстар мен қалаларда белгіленген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өтуін тану шаралары жалпыға бірдей қолға алынбаған», - деді Лукин.

Депутат бизнес-иммигранттарға салық салу және көші-қон мәселелері бойынша ведомстволық бақылауды күшейтуді, бүкіл ел бойынша бизнес-иммигранттардың тікелей қатысуымен салық төлемдері мен заңды қызмет жүргізу тұрғысында компаниялар мен фирмаларға аудиторлық тексерулер жүргізуді, сондай-ақ бизнес-иммигранттармен құқықтық қатынастарды реттеу тетігін жетілдіру жөнінде заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасауды ұсынды.