Табиғи апат салдарынан мыңдаған үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
unian.net-тің мәліметінше, Аделаидада қатты дауыл соққан. Дауылдан кейін гольф добы немесе тауық жұмыртқасының көлеміндей үлкен бұршақ жауып, электр қуатын үзген.
28 қазан күні түске дейінгі уақытта бұршақ жауып, салдарынан 6000 үй жарықсыз қалған және бірнеше мектеп жұмысын тоқтатқан. Әлеуметтік желі қолданушылары аяқ асты жауған бұршақтың көлеміне таң қалып, видео, суреттермен бөлісуде.
Ауа райының бұзылатынын бірнеше күн бұрын хабарлаған метеорологтар біраз уақыттан кейін тағы осындай жағдай болуы мүмкін екенін хабарлады.