Коронавируспен күрес құралдары әділ бөлінбей келеді – ДДСҰ

Ulysmedia

Әлемде коронавирустың таралуы тағы күшейді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы екі айда коронавируспен ауырғандар және қайтыс болғандар саны біршама артқан. 

Ұйым басшысы Тедрос Гебрейесустің айтуынша, аталған дертпен күрес құралдары әлі күнге дейін әділ бөлінбей келеді. Соның салдарынан індетті жеңу мүмкін болмай тұр. Бүгінде әлемде 245 миллиондай адам Covid-19 жұқтырcа, оның 5 миллионға жуығы қаза тапты.