Наурызбай, Наурызгүл: Қазақстанда есімі мейрам құрметіне қойылған қанша адам бар

Қалижан Бектемір

Наурыз мейрамын тойлау кезінде Бірінші несие бюросының сарапшылары еліміздің қанша тұрғынының осы мерекеге байланысты есімі барын санап шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: kz.kursiv.media

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда Наурыз есімімен 1 472 адам тұрады, ал жетеуінің аты Наурыза, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар көптеген қазақстандық көктемнің басты мейрамымен байланысты есімдерді алып жүр:

Наурызбек – 3206 адам;
Наурызбай – 2940 адам;
Наурызхан – 272 адам;
Наурызгүл (орфографиялық өзгерістерді қосқанда) – 241 адам;
Наурызжан – 51 адам;
Наурыз-Мейрам – 1 адам.

Сарапшылар барлығын Ұлттық статистика бюросының «Мен сияқты неше адам бар?» қызметін пайдалана отырып зерттеуге қатысуға шақырады: есімді енгізіп, елде қанша адам бар екенін көріңіз.