«Жынданған жоқпын»: Жанат Бақыт намаз оқитындардың көбі оның мәнін түсінбейтінін айтты

Ulysmedia

Бұрынғы тележурналист, бүгінде тылсым әрі тосын ойларымен жұртшылықты шулатып жүрген Жанат Бақыт «Talk Like» бағдармаламасына сұхбат беріп, рухтармен сырласатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: instagram.com/zhanat_bakyt

Мен 5 парызды ұстанбаймын, намаз оқымаймын. Намаздың мәнін түсіну керек. Оны оқып жүрген адамдардың көбі намаздың мәнін түсінбейді. Намаз — Құдаймен оңаша қалып сырласуың, ақтарылуың. Бірақ адамдардың 90%-ы оны парыз деп есептейді. Намаз оқымасам, күнәһәрға айналамын, исламнан шығып кетемін деген қоқынышпен оқиды. Бұл дұрыс емес. Сенің қазір Құдайға сеніп отыруыңның өзі намаз деп ойлаймын. Мен жынданып кетпедім. Ойым мен санам орнында, — дейді ол.

Экс-журналист жолдасы қолдап, нәзік әлеммен танысқанын айтты.

Бұл — ғылым. Мен сіздер өмірге бір емес, бірнеше рет келесіздер деп, шындықты айттым. Рух біреу болғанымен, рухтың жаны бірнеше. Жан, тән, рух. Үшеуі үш бөлек нәрсе. Бұрын-соңды қоғам естімеген тақырыптар болғаннан кейін жылы жауып қоя салған оңай. Өздері ізденіп, жауапкершілікті мойындарына алғанға қарағанда Жанат жынданып кетті деп айта салған оңай болды. Себебі менің сөздерім олардың жанды жерлеріне тиіп кетті. Ізденгісі келмеген жалқаудың әңгімесі. Жолдасым да мені қолдап, нәзік әлеммен танысты. Өткен өмірі туралы сыр шертіп, тағдыр кітабын жапты, — дейді ол. 

Жанат Бақыттың айтуынша, Кенесары ханның басы оңай жерде тұр.

Бірақ әзірге жоспар бойынша табылмауы керек деді. Егер ол табылса, халық бірден «Жанат молодец» дейді. Мүмкін президенттің алдында отыратын шығарсың, ал мына жұмыстарды кім істейді деп жатыр. Сол үшін тарихты зерттеп, адамдар толық түсінуі керек, жоспар бар деп тұр. Жерде Кенесарының туған-туыстары бар екен. Солар бізге келіп көптеген ақпарат беріп жатыр, — дейді ол.