Қазақстандық өз жеңілісіне келіспей, соңы жаппай төбелеске ұласты

Ulysmedia

Қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Мұратбек Қасымбай әзірбайжандық қарсыласымен күш сынасу нәтижесінде жеңілгеніне келіспей, торлы алаңға көрермендер де шығып кетті деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Ол осылайша Hype Fighting Championship сайысының ақтық сынына шыға алмады.

Жартылай жолда Эмиль Наурызовпен кездескен Мұратбек үш раунд бойы толық өнер көрсеткенімен, төрешілер бір ауыздан жеңісті әзірбайжандық спортшыға берді.

Жекпе-жек аяқталған қос тарап ұжымының, тіпті көрермендердің қатысуымен жаппай төбелес болғанымен, жағдай ушығып кетпеді.

Мұратбек Қасымбай шешімге келіспей, наразылық танытқанымен, ұйымдастырушылар нәтижені өзгеріссіз қалдырды.