«Құранда жеті рет кездеседі. Бірақ...»: Дінтанушы хиджаб пен никаб туралы айтты

Қалижан Бектемір

Дінтанушы Болатжан Әл-Фараби OYLA PODCAST-қа берген сұхбатында хиджаб пен никабқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: B.Roessler

Шымылдық немесе перде

Ол Меккеде никаб тағуға болмайтынын айтты.

Қызығы, мысалы, Меккеге барғанда, қажылыққа, Меккеде никаб тағуға болмайды. Ондай тыйым бар. Демек, Меккеге кірген кезде әйелдер беттерін көрсетіп, қолғаптарын шешу керек. Хиджаб деген сөз Құранда жеті рет кездеседі. Бірақ бірде-бір рет әйел адамның киімі ретінде кездеспейді. Оның мағынасы, шымылдық немесе перде, - деп түсіндірді дінтанушы.

Тыйым

Бұған дейін депутат қоғамдық орында діни киім киюге тыйым салуды ұсынып жатқандарын айтты.

Парламент дін мәселелерін реттейтін заң күзде қаралады. Депутат Ермұрат Бапи осы құжатқа тиісті өзгерістерді ұсынбақ.

Еске салсақ, Тәжікстан парламенті «Тәжікстан Республикасындағы салт-дәстүрлерді, мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңға түзетулер енгізіп, «ұлттық мәдениетке қайшы» деп аталатын киімдерді киюге тыйым салған болатын.

Сондай-ақ Ресейде никаб кигендерге 10 мың рубль айыппұл салынады.