Елімізде бірнеше республикалық маңызы бар жол жабылды

Ulysmedia

Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ БҚО филиалының мәліметінше, 2 қаңтар күні жергілікті сағат 08.30-дан бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (195-240 км, Орал қаласынан РФ шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Осы жолдың Подстепный ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығы да (260-526 км) жабық тұр. Сол секілді Орал-Тасқала-РФ шекарасы (4-104 км, Оралдан РФ шекарасына дейін), Атырау-Орал (189-482 км, Оралдан Атырау облысының шекарасына дейін) жолдары жабық.

Сондай-ақ, сағат 08.30-дан бастап республикалық Подстепный-Федоров-РФ шекарасы (3-144 км, Подстепныйдан РФ шекарасына дейін) жолында да барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Осыған байланысты БҚО ТЖ депаратаменті ескерту жариялап, хабарламалар жіберіп жатыр.