Соңғы бір айда азық-түлік 1%-ға қымбаттады – Статистика бюросы

Ulysmedia

Бір айда (2022 жылғы қаңтар 2020 жылғы желтоқсанға) баға азық-түлік тауарларына – 1%, ақылы қызметтерге – 0,6% азық-түлік емес тауарларына 0,3%, жоғарылады, деп хабарлайды ulysmedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөзден

Бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге – 8,6%, картопқа – 4,2%, жаңа жиналған жемістерге – 2%, жармаларға – 1,2%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 1%, тауықтарға – 0,8%, макарон өнімдеріне, тоқаш және ұннан жасалған өнімдерге, пастерленген сүтке – 0,7%-дан, құмшекерге, нанға, қышқыл сүт өнімдеріне, күрішке 0,6%-дан байқалды. Темекі өнімдері 1,6% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 0,6% тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге – 3,5%, тұрмыстық аспаптарға – 1,6%, жуғыш және тазалағыш заттарға, фармацевтикалық өнімдерге – 0,8%-дан, жеке қолданылатын тауарларға 0,7% құрады. Баллондағы сүйытылған газ – 22,7%, дизель отыны 1,3% арзандады.

Баға деңгейі нотариус қызметтеріне, автосақтандыруға – 5%-дан, денсаулық сақтау қызметтеріне – 0,7%, моншаға бару – 0,6%, кабельдік телевизия қызметтеріне 0,4% жоғарылады. Тұрғын үйді жалға беру үшін төлем 3,7% өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға 0,4% төмендеді.