Қазақтардың сүйікті еті – қой еті сегіз ай нәтижесі бойынша 15%-ға қымбаттады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Сол себептен болар елімізде ет тұтыну көрсеткіші шамамен барлық санат бойынша азайып кетті, дейді energyprom.kz.
Биылғы сегіз айдың (қаңтар-тамыз) қорытындысы бойынша, ет пен құс бағасы өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,4%-ға өсті. Ең көп қымбаттаған қой еті, оның бағасы бірден 14,9%-ға өсті. Одан кейін жылқы еті, ол бір жылда 9,4%-ға қымбаттады. Сиыр етінің бағасы 7,8%-ға өссе, шошқа еті 7,4%-ға қымбаттады. Құс етінің бағасы «қызыл етке» қарағанда салыстырмалы түрде аз қана, тек 3,2%-ға өсті.
Биылғы тамызда Қазақстан дүкендері мен базарларында сүйекті сиыр етінің келісі орташа алғанда 2,2 мың теңге тұрды. Ал сүйекті жылқы етінің келісі орташа алғанда 2,5 мың теңге болса, шошқа етінің келісі 1,8 мың теңге, қой етінің келісі 2,4 мың теңге, тауық етінің келісі 1,02 мың теңгені құрады.