Елде 400 мыңнан астам адам зейнетақының бір бөлігімен баспана мәселесін реттеді

Аян Өрібай

Жалпы зейнетақының бір бөлігінің игілігін 449 300 адам көрген, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

баспана

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері зейнетақы жинақтарын алу қарқынының төмендеуі аясында 52 млрд теңгеге немесе 0,4% ұлғайып, биылғы жылғы тамыздың соңында 12,9 трлн теңгені құрады. Мысалы, қаражатты ай сайынғы алу көлемі ақпан айындағы 643 млрд теңгеден тамыз айында 118 млрд теңгеге дейін немесе 5,5 есе баяулады», - деді ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша орындалған өтініштерінің саны – 449,3 мың адам. Олар 1,8 трлн. теңге алған. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге 1 765 млрд теңге бөлінді (97,9%)