«Олар отандық бизнесті құртты»: депутат Kazakh Invest-ке шүйлікті

Ulysmedia

Депутаттың айтуынша, отандық бизнес үшін фантастикалық деп бағаланатын шарттар шетелдік инвесторларға ұсынылуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Депутат Болатбек Әлиев Қазақстан шетелдік инвесторлардың қатысуымен тағы бір жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын айтты.

«Әрине, 29 млрд теңгенің жобасын «Kazakh Invest» жүзеге асырады. Тамаша жоба және жақсы перспективалар бар. Сонымен қатар Қытайдың жылдық тұтыну нарығы 50 миллион тоннаға жақын екенін ескерсек, бұл – кәсіпорын үшін тұрақты экспорт екені сөзсіз. Біз бұған қуануымыз керек сияқты, бірақ керісінше көп сұрақ тудырады», – деп жазады депутат.

Ол қарапайым жобаға шетелдік инвестордың неліктен тартылатынын түсінбейтінін айтты.

«Ендеше, есептейік. Жобаның құны 29 млрд теңге, оның ішінде меншікті қаражат 5,8 млрд теңге, тартылған қаражат - 23,3 млрд теңге (Бәйтерек арқылы бюджет қаражатынан деп есептеймін).

Сонымен қатар, негізгі акцияларды сатып алуды субсидиялау бағдарламасы бойынша кәсіпорын 143 640,00 мың теңге алады. Жоба бойынша инвестицияның қайтарымы ретінде тағы 1 825 000,00 мың теңге қосылады. Ең қомақтысы 18% (8% + 10%) мөлшерінде инвестициялық несиелер бойынша пайыздардың бір бөлігін субсидиялау болып табылады. Барлығы: 11 947 244,00 мың теңге.

ҰЭМ 11 366 233,00 мың теңге корпоративтік табыс салығы бойынша 100% өтемақыға кепілдік бере отырып, дәл осындай соманы төлейтін болады», – деп жазады депутат.

Келесі кезекте ол жер, мүлік және қосылған құн салығы, кеден төлемдері бойынша сандарды келтіреді. Сондай-ақ, депутат жер телімін анықтау мен электр қуатына кететін шығынды әкімдік өз мойнына алатынын атап өтті.

«Енді сұрақ: маған мұндай жағдайда жобаны жүзеге асырудан бас тартатын ең болмағанда бір жергілікті кәсіпкерді көрсетіңізші? Артықшылықтың жартысын алып тастасаңыз да, жергілікті инвестор пайда болады. Мәселе мынада, біздің кәсіпкерлер мұндай жылыжай жағдайларын армандаған да емес. Ешкім оларға мұндай нәрсені ұсынбайды.

Мен «Kazakh Invest» компаниясына үзілді-кесілді қарсымын, шетелдік инвесторларды іздеп шетелге барады, оларды осындай жобаларды жүзеге асыруға тартады. Егер жоғары технологиялық бизнестің қандай да бір түрі болса бір жөн. Қарапайым ғана бизнеске отандық кәсіпкерлер де атсалыса алады», – деп атап өтті депутат.

Айта кетейік, депутат қай жоба туралы айтып отырғанын нақтыламай отыр.

«Мен оны атағым келмейді, бірақ нақты жоба бар»,  – деп жауап береді ол түсініктемелерде.

Ол осындай бонустармен ұқсас жобаларды отандық кәсіпкерлерге бәсекелестік шартпен беруге шақырады. Үкіметке «Kazakh Invest» сияқты ресурстарды жергілікті инвесторларға жағдай жасау үшін бағыттауды ұсынды.

Аталған ұлттық компанияның жұмысы жаңа инвесторларды тарту, жобаларды әзірлеуден бастап іске қосуға дейін қолдау көрсету, Қазақстанның шетелдегі инвестициялық ахуалы мен имиджін ілгерілету және сервистік қолдау көрсету сияқты негізгі бағыттар бойынша құрылған.

Компанияның сайтында 2018 жылы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ акцияларын иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берілгені туралы хабарланған.

Бұған дейін Ulysmedia.kz «Kazakh Invest» компаниясы туралы толығырақ талдаған болатын.

Оралхан ҚОЖАНОВ