ІІМ министрі Алматыда екі полицейдің жасөспірім қызды зорлағанын растады

Ulysmedia
Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов екі полиция қызметкерінің Алматыда 14 жастағы жасөспірім қызды зорлау фактісін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында Ержан Сәденовтен полицейлердің оқушыны зорлауға қатысы бар-жоқтығы сұралды.

"Өкінішке қарай, мұндай факт орын алды. Олардың қылмыс жасағаны анықталды. Бірден тәртіптік комиссия өткізілді. Олар теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Қылмыстық іс аясында қамауға алынды", - деді ол.

Министр қазір тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.