Ресейдің Украинаға қарсы соғысы жайлы фильм Оскардың шорт-парағына енді

Ғалиасқар Думан

«Мариупольдегі 20 күн» деректі фильмі «Оскардың» шорт-парағына ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

24tv.ua

«Мариупольдегі 20 күн» фильмі «Үздік деректі фильм» және «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациялары бойынша тізімге енген.

Жеңімпаздар 2024 жылдың 23 қаңтарында жарияланады. Сыйлық 10 наурызда тапсырылады.

«Мариупольдегі 20 күн»

Бұл Ресейдің Украинаға басып кіруінің алғашқы күндерінің деректі шежіресі. Құрамында украиналық режиссер Мстислав Чернов, фотограф Евгений Малолетка және продюсер Василиса Степаненко бар The Associated Press тілшілер тобы 20 күн бойы Ресей әскери күштерінің Мариупольдегі басқыншылығын түсірген.

Қаңтар айында аталған туынды америкалық «Sundance» тәуелсіз кинофестивалінде «Көрермендер көзайымы» сыйлығын жеңіп алған.