Заңсыз беріліп кеткен "Кең-баба" саябағы мемлекет меншігіне қайтарылады

Ulysmedia

Бұл жайлы әлеуметтік желіде депутат Бақытжан Базарбек жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Жер қалай беріліп кетті

Шымкент қаласы әкімінің 08.09.2009 жылғы № 1391 қаулысымен саябақ астындағы ауданы 2,641 га жер учаскесі 10 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға берілген. Кейін Шымкент қаласы әкімінің 02.02.2011 жылғы № 108 қаулысымен аталған жер учаскесі жеке меншікке берілген (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: #19-309-010-1042).

Мемлекет меншігіне қайтару

"Жер аманаты" республикалық жер комиссиясының көшпелі отырысының нәтижесі бойынша заңсыз иеліктен шығарылған "Кең-баба"саябағын мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылданған.

– Жақын арада Мұрат Баритұлы Теміржановтың атына Шымкент қаласы әкімдігінің жоғарыда аталған қаулыларының күшін жою туралы сот ісін жүргізе отырып, тексеру іс-шараларын бастау туралы өтініш жолдайтын боламын, – деді Базарбек.

Саябақ туралы не белгілі

Саябақ қала орталығында орналасқан. Нысан өткен ғасырдың соңында құрылған. Кең баба саябағының жалпы ауданы-3,5 га. Саябақ ескі пионер саябағының орнына ашылған.