Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев өз отбасы азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Мәжіліс отырысы барысында журналистердің алдына шыққан министрге осы сұрақ қойылды. Тілшілер министрден азық-түліктің қымбаттап кеткенінен хабары бар ма екенін сұрап көрді.
Әсет Ерғалиев баға Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өскенін, әлемдік инфляция 33%, ал Қазақстанда 8,9% деңгейінде болғанын айтып өтті.
«Күніне отбасымызбен шамамен 50-60 мың теңге жұмсаймыз. Иә, айына (деп қайта түзеді сөзін министр). Бәрі секілді – нан, сүт, қант тұтынамыз. Біздің де отбасы сіздердікі секілді», - деді ол.