Газада қанша бала қайтыс болды

Оралхан Қожанов

Алты ай ішінде Газада 13 мың бала қайтыс болды. Бұл көрсеткіш төрт жылдағы әлемдегі барлық қақтығыстардың құрбандарынан асып түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыс агенттігінің палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі бас комиссары Филипп Лаззарини Газадағы жағдай туралы таңқаларлық деректер туралы хабарлады. Оның айтуынша, соңғы алты айда 13 мыңнан астам бала қайтыс болған. Бұл  – соңғы төрт жылдағы әлемдегі барлық қақтығыстардан қаза тапқан балалар санынан жоғары көрсеткіш.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған мәліметтер Газада қаза тапқандардың жалпы саны 34 мыңнан асқанын көрсетеді. Дегенмен, сарапшылар әлі де үйінді астында адамдар бар екенін алға тартып отыр.

Естеріңізге салсақ, Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израильдің жалғасып келе жатқан шабуылдары салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 34 012-ге жеткенін мәлімдеген болатын.