Бүгін де Қазақстанның бес қаласында газ жоқ. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осы мәселені шешудің екі жолын ұсынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Министрдің айтуынша, Петропавл, Көкшетау, Өскемен, Семей, Павлодар қалалары бүгінгі таңда газдандырылмаған.
«Аталған қалаларды газбен қамтамасыз етудін келесідей жолдары бар. Атап айтсақ «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын жалғастыру керек немесе Ресей Федерациясынан магистральдық газ құбырларын тарту қажет», - деді ол.
Оның айтуынша осы жылдың соңына дейін «Газпром» мен «ҚазТрансГаз» еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру бойынша есептеу жүргізіп, тиімді нұсқасы әзірленеді.