Брекешов елдегі ауасы ең лас 10 қаланы атады

Ulysmedia

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов ауасы ең лас 10 қаланы атады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Атмосфералық ауа мониторингіне сәйкес 45 өнеркәсіптік қаланың ішіндегі 10 қала атмосфералық ауа ластануының жоғары деңгейіне жатады. Олар: Нұрсұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент. Бұл қалалардың қатты ластануының себептері жабдықтардың тозуы, зауыттардағы шаң тазалау құрылыстары жұмысының тиімсіздігі, жаңғырту мен реконструкциялаудың болмауы, көмірді пайдалану», - деді Серікұали Брекешов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, қалдықтармен жұмыс істеу саласында қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарының санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келмеуі, ҚТҚ өңдеу деңгейінің төмендігі және стихиялық үйінділер проблемасы өткір болып тұр.