Кіл атақтылар: Ертең «Ирина Кайратовнаның» алғашқы фильмі шығады

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөзден

10 қарашада Ирина Қайратовнаның қысқаметражды фильмі жарық көреді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«10 қарашада "ГОСТ ENTERTAINMENT" арнасында “Ирина Қайратовнаның” қысқаметражды фильмінің дебютін күтіңіз. Басты рөлдерде Азамат Мұсағалиев пен Денис Дорохов», - делінген фильм трейлеріндегі түсініктемеде.

Ирина Кайратовна - атақты шоудың арқасында танымал болған топтың атауы. Ұжымда кілең жігіттер. Қазақ You-Tube-ында ерекше клиптерімен танылған топ, алғаш рет фильм түсірді.