Алматы метросындағы жемқорлық: Жаңа тергеу басталды

Ulysmedia

Бас көлік прокуратурасының мәліметіне сәйкес Алматы метросына қатысты жаңа іс пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

137 миллион теңге

«Метрополитен» КМК қызметкерлері локомотивтерге арналған бастапқы резеңке серіппелерді 137 миллион теңгеге көтерілген бағамен сатып алған. 

“Бұл тұжырымды Метрополитеннің аудиторлық есебі де растады, осыған байланысты көлік прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, оны қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр,”- деп жазды Бас көлік прокуратурасы.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат таратуға жатпайды. 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кінәсіз болып саналады. 

Бұған дейін

«Метрополитен» КМК бұрынғы басшылығы, сондай-ақ мердігер ұйымдар - «Алматыметроқұрылыс» АҚ және «Автоматтандыру және технологиялар сервисі» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты тағы бір іс сотқа жолданған еді.

Күдіктілер Алматы қаласы метрополитенінің жаңа желісін салу кезінде ауқымды басқару функциясына ие болған. Дәл осы өкілеттіктер оларға қылмыстық жағдай жасауға және 5 млрд теңге ұрлауға мүмкіндік берді.