40+ градус. Қазақстанда аптап ыстық болады

Ғалиасқар Думан

Синоптиктер 27 маусым, бейсенбіге осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында аздап жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда найзағай ойнайды деп күтіледі. Өрт қаупі жоғары болады.

Күндіз Ұлытау облысында аптап ыстық болады: +35...+38 °C. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз қатты ыстық болады: +36...+38 °C.

Атырау облысының шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың шығысында түнде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысында аптап ыстық болады: +35 °C , облыстың оңтүстігінде сынап бағаны 38 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз қатты ыстық болады: +35 °C.

Алматы облысының таулы аудандарында аракідік найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады: +35...+39 °C. Алматыда күндіз сынап бағаны 36 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында  жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығысқа солтүстік-батыстан ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. 

Күндіз Қызылорда облысының батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады, облыстың орталығында, батысында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Облыстың орталығында, батысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша аптап ыстық болады: +40...+42 °C. Қызылордада күндіз аптап ыстық болады: +40...+42 °C .

Күндіз Абай облысының оңтүстігінде, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз Семейде сынап бағаны 37 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады. Өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыста аптап ыстық сақталады: +35...+39 °C. Талдықорғанда күндіз қатты ыстық болады: +37...+39 °C.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, күндіз батыста, солтүстікте найзағай ойнап, бұршақ түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде аптап ыстық сақталады: +37 °C. Қостанайда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысында аптап ыстық сақталады: +40...+43°C. Шымкентте күндіз қатты ыстық болады: +40...+41 °C. Түркістанда күндіз қатты ыстық болады: +41...+43 °C.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.