Түркістан тұрғыны мемлекеттік грант алу үшін алаяққа 12 млн теңге берген

Ғалиасқар Думан

Түркістан тұрғыны қайтарымсыз грант аламын деген үмітпен алаяққа 12 млн теңге берген, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Фото: nur.kz

«Жас әйел жәбірленушінің сеніміне кіріп, мемлекеттен грант алуға көмектесетінін айтқан», — деді құқық қорғау органындағылар.

Ақшаны алған күдікті қашып кеткен соң жәбірленуші полицияға шағымдан. Олар күдіктіні жедел тауып, оның бұрын сотталған жергілікті тұрғын екенін арықтаған.

Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады.​​