Аэроғарыш саласы: Қытай Қазақстанға қайтарымсыз гранттар бөлетін болды

Сырым Қаржас

Қытай үкіметі бөлетін грант қаражаттары ғарыштық техника мен технологияларды дамытуға бағытталмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ашық дереккөзден

Бұл жайында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлімдеді.

«Қытай тарапымен техника саласында ынтымақтастықты күшейту бойынша үкіметаралық келісімге қол қойылды. Осы келісімнің аясында бірнеше меморандум жасалды. Оған сәйкес Қытай тарапынан 100 млн юань көлемінде қайтарымсыз гранттар бөлінеді. Ол гранттар ғарыштық техника мен технологияларды дамытуға арналған. Ол дегеніміз астрофизика, ионосфера ғылыми институттарымыздың инфрақұрылымы жаңартылады. Сол арқылы астрофизика және басқа да салаларды жетілдіреміз деп отырмыз. Қытай ғарыш саласындағы үлкен держава, қайтарымсыз гранттар отандық ғарыш саласын дамытуға әсер етеді деп сенеміз», - деді Баубек Оралмағанбетов ведомствода өткен брифингте. 

Ол сондай-ақ гранттар байқау арқылы тағайындалатынын жеткізді.