Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіргендер жазасын барынша қатаң қауіпсіздік режиміндегі колонияда өтеп жатқан еді. Алайда сот олардың жазасын жеңілдеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Денис Тенді өлтіргендер – Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновтің жазасы жеңілдетілгені белгілі болды. Олар барынша қатаң қауіпсіздік режиміндегі колонияда отырған болатын. Tengrinews.kz былтыр оларды орташа қауіпсіздік мекемесіне ауыстырғанын анықтады.
ЖАЗА ҚАШАН ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ?
2023 жылдың 19 қазанында Қонаев қаласының соты Нұралы Қиясовтың жазасын жеңілдетуді қарастырғаны белгілі болды. Бұл ұсынысты Алматы облысындағы №12 мекеме басшысы жасаған.
Бұл 2023 жылдың наурызында қабылданған заңдағы өзгерістермен түсіндірілді: бұрын бас бостандығынан айырылмаған, 2 жылдан астам мерзімге сотталғандар жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтей алады.
Сонымен қатар, ҚАЖД Қиясовтың тергеу изоляторында өткізген 8 айға жуық уақытын оған берілген мерзімге есептеуді ұсынған.
Сот оны қанағаттандырып, Қиясовты орташа қауіпсіздік режиміндегі колонияға ауыстырды. Арман Құдайбергеновке қатысты да осындай шешім шығарылған.
“ОЛАР ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ”
ҚАЖК журналистерге қазіргі уақытта Құдайбергенов пен Қиясов Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарындағы орташа қауіпсіздік мекемелерінде жазаларын өтеп жатқанын хабарлады.
Олар жұмыс істемейді. Алайда ҚАЖК бұны жұмыс орындарының жетіспеушілігімен түсіндіреді. Олар қарапайым жағдайларында ұсталады. Медициналық көмекке жүгінбеген.
ҮШІНШІ КҮДІКТІ
Еске сала кетейік, іске тағы бір күдікті - Жанар Төлебаева болды. Оны қылмыс туралы хабарламағаны үшін төрт жыл бас бостандығынан айыруға үкім еткен.
Алайда бір жылдан кейін оны денсаулық жағдайына байланысты және босануына байланысты босатты. Дегенмен, ол өз мерзімін кейінірек өтеп шығып, 2021 жылы босатылған.
ДЕНИС ТЕННІҢ ӨЛІМІ
19 шілдеде Алматы орталығында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлтірілгеніне алты жыл толды. Ол кезде ол көлігінің айналарын ұрламақ болған ұрылармен қақтығысқа түскен.
Оны өлтірген Құдайбергенов пен Қиясов 18 жыл бас бостандығынан айырылдыі.
Денис Тен – жеке сайыста өнер көрсеткен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Еңбек сіңірген спорт шебері. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Ол 1993 жылы 13 маусымда дүниеге келіп, 25 жасында қайтыс болды.