Қазақстандықтар үш ай ішінде 112 млрд теңгеге бәс тіккен

Ulysmedia

Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 174,4 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Finprom.kz хабарлауынша, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Салымдардың барлық көлемі сектор кәсіпорындарының өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілді. Салыстыру үшін айта кетсек, өткен жылдың қаңтар-маусым айларында инвестициялар 295,7 млн теңгені құраған (жылдық өсім — 2,3 есе).

АЙМАҚТАРДА ҚАЛАЙ?

Аймақтық бөліністе инвестициялардың ең көп көлемі Алматы облысында тіркелді: 171,6 млн теңге. Тағы 594 мың теңге Ақмола облысына, 2,2 млн теңге Алматы қаласына тиесілі.

“Сол уақытта ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша қызметтер 112,1 млрд теңгеге жетті. Бұл 2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 9,4%-ға көп. Секторда қызмет көлемінің 3%-ға қысқарғанын көруге болады”, – деп жазылған материалда.

Қазақстан заңнамасына сәйкес қызметтердің жалпы көлемінің 90,6%-ы Алматы облысында көрсетілді: 101,6 млрд теңге, жылдық өсім — 13,8%. Одан кейінгі орында Ақмола облысы тұр: 10,5 млрд теңге. Қызметтердің аздаған көлемі Павлодар (15,9 млн теңге), Ұлытау (5,9 млн теңге), сондай-ақ Жамбыл және Жетісу (әр аймақта 2,7 млн теңгеден) облыстарында тіркелді.

ӘКІМШІЛІҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

“Сонымен қатар биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында елде құмар ойын бизнесіне байланысты 51 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 10 жағдайды құраған. Оның ішінде ҚР-ның лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзудың 35 жағдайды, құмар ойындарға заңсыз қатысу, тарту немесе жіберудің — 12 жағдайды, құмар ойын бизнесі туралы заңнаманы бұзудың 4 жағдайды анықталды”, – дейді материал авторлары.

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 15 адамға қаулы шығарылды. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 7-еу болған.

АЙЫППҰЛ КӨЛЕМІ ЖӘНЕ ӨЗІН ӨЗІ ШЕКТЕУ

Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 7,8 млн теңгеге жетті. Бұл 2023 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 76,9% көп. Өндірілген айыппұлдар 5,7 млн теңге.

Сол уақытта 150 мың қазақстандық eGov mobile арқылы құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеу қызметін пайдаланды.

Еске сала кетейік, 18 наурыздан бастап Қазақстанда азаматтардың құмар ойындарға қатысуын 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге шектеуге мүмкіндік беретін онлайн қызмет пилоттық режимде жұмыс істейді.