Қандастарға білім гранты биыл екі есе көп бөлінді

Аян Өрібай

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Фото: Ашық дереккөзден

Кімге қанша грант берілді

Ресми мәлімет бойынша, конкурс нәтижесі бойынша әлеуметтік осал топтардан 412 жетім бала, мүгедектігі бар 382 адам, көпбалалы отбасынан шыққан 3 576 бала, толық емес отбасыдан шыққан 933 бала, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан 437 балаға грант берілген.

Қандастар

Биыл алғаш рет қандастарды қабылдау процедурасын өзгерту нәтижесінде 1 604 қандасқа грант берілген 2023 жылы 804 қандасқа грант бөлінген. Яғни, бұл бағытта грант екі есе көп бөлініп отыр.

Бұған дейін қандастар ҰБТ-ң 5 пәнін тапсырса, 2024 жылдан бастап тек 3 пәнді (оқу сауаттылығы, 2 бейінді пән) тапсырады. Оларға шекті бал жинау талабы қойылмайды.