Қазақстанда көкөніс арзандап, сүт өнімдері қымбаттап жатыр

Қалижан Бектемір

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, тамыз айының басынан бастап әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының дефляциясы тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Көкөністердің бағасы қанша

Нәтижесінде көкөністердің бағасы келесідей өзгерді: картоп 0,4%-ға төмендеді (жыл басынан бері 46,2%-ға өскенімен), ақ қырыққабат 0,3%-ға арзандады (жыл басынан бері — 16,6%), ал пияз бағасы 0,1%-ға төмендеді (жыл басынан бері +21,5%). Бірақ сәбіздің бағасы маусымдық факторды сезінбеді, аптасына +0,2%-ға өсті (жыл басынан бері+12,3%).

Ең үлкен төмендеу мына позициялар бойынша тіркелді: жұмыртқа (аптасына — 0,5% және жыл басынан бері — 9,1%), қарақұмық жармасы (аптасына — 0,4%, жыл басынан бері — 29,9%).

Сарапшылар не дейді

Тауық еті күтпеген төмендеуді көрсетті (аптасына — 0,1%, жыл басынан бері +4,7%).

Сүзбені қоспағанда, сүт өнімдеріне бағаның өсуі әлі де сақталуда (аптасына — 0,2%, жыл басынан бері +1,8%). Күнбағыс майының бағасына да аздап өзгерістер енді (аптасына+ 0,6% және жыл басынан бері — 13,7%).

Сарапшы Андрей Чеботаревтің айтуынша, бағалар көкөніс жинау маусымының басталуына орай төмендеп жатыр.

Еске салсақ, Ұлттық банк биыл Қазақстанда инфляция 8,0% болатынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар азық-түлікке қанша ақша жұмсайды?