Алматы облысы Іле ауданының әкімі ұсталды

Сырым Қаржас

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевты ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іле таңы

Әкімнің ұсталғанын Антикор растады.

Қарасев Іле ауданын 2018 жылдың қыркүйегінен бастап басқарады. Бұған дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласының әкімі болған, облыстық әкімдік аппаратын басқарған.

Интернетте таратылған ақпаратқа сәйкес, Қарасаевты "лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны" үшін Антикор ұстаған.