«АК-47 автоматы табылды»: Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті ұсталды

Қалижан Бектемір

АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Дональд Трампқа гольф клубының маңында қастандық жасамақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: REUTERS/Mike Segar

«Бұл тағы да болып жатыр»

ТАСС ақпарат агенттігінің жазуынша, бұл туралы экс-президенттің ұлы кіші Дональд Трамп мәлімдеген.

Бұл тағы да болып жатыр. Флорида штатындағы Вест Палм-Бичтегі Трамп гольф алаңдарында атыс болды. Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұталар арасынан АК-47 автоматы табылған. Қолда бар мәліметтер бойынша, күдікті ұсталды, - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Трамп қауіпсіз жерге орналастырылды

Еске сала кетейік, Дональд Трампқа бұған дейін де қастандық жасалмақ болғанын жазғанбыз.

Өкілдер палатасының мүшесі Марджори Тейлор-Грин қазіргі уақытта Трампқа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтқан. 

Трамп оның маңайында болған атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ, - деп жазды Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Марджори Тейлор-Грин.