"Сөзсіз суицид". ІІМ орынбасары шатырдан құлап қаза тапқан қыздардың өлімі туралы

Меліс Сейдахметов

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматыда тұрғын үй шатырынан құлап қаза тапқан қос қыздың өліміне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

СӨЗСІЗ СУИЦИД

“Бүгінге деректерге сай, бұл - сөзсіз суицид. Іс “суицидке дейін жеткізу” бабы бойынша қозғалған. Одан артық пікір білдіре алмаймын деді” Лепеха.

БҰҒАН ДЕЙІН

Алматыда екі оқушы қыз 8 қабатты үйде құлақ қаза тапқан. Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеген.

КІМНІҢ ҚЫЗЫ

Қайтыс болған қыздардың бірі эко-сарапшы Евгений Мұхамеджановтың қызы екені анықталды. Евгений Мұхамеджанов — Қазақстандағы танымал эко-сарапшы, ECO Network жобасының негізін қалаушы және азаматтық белсенді.