Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 478-482 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің 25 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 1 долларға 479,71 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,16 теңге. Еуро – 533,77.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 478,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 481,3 теңге. Еуро 532-536 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 478 теңге, сатып алу құны – 482 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,11-5,21 аралығында саудаланып жатыр.