Бүгін – ғалым, аудармашы Бейсенбай Кенжебаевтың туғанына 120 жыл

Қалижан Бектемір

Бүгін (1904-1987) ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаевтың туғанына 120 жыл толды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ОЛ КІМ

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бөген ауылында туған. Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

«Жас қайрат», «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Кеңес туы», «Оңтүстік Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газеттерінде редактор, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1941-1944 жылдары – Қазақстан мемлекеттік біріккен баспасының бас редакторы; 1961-1987 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры болды.

ЕҢБЕКТЕРІ

Қазақ әдебиетінің мәселелеріне, қазақ баспасөзінің тарихына арналған іргелі еңбектердің, Абай, С. Торайғыров, Ж. Жабаев, М. Сералин, М. Әуезов, С. Шәріповтердің өмірі мен шығармалары туралы зерттеулердің авторы. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулықтар мен хрестоматиялар, «Тымпи», «Көңіл ашар» сатиралық фольклор мұраларын жариялады. «Асау жүрек» әңгімелер жинағы жарық көрген. Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.