Милтон жойқын дауылы АҚШ-тың Флорида штатының батыс жағалауын қиратып жатыр. 2 миллионнан астап үй жарықсыз қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бәрінен де Флориданың Spanish Lakes Country Club ауданы қатты зардап шеккен. Ол жерде тұрғын үйлер қирап, бірнеше адам қаза тапқаны хабарланды. Әзірге апат құрбандарының саны нақтыланбады, деп жазады CNN.
Дауыл салдарынан 2 млн үй мен кәсіпорын жарықсыз қалған. Жарықтың үзілісі жалғаса түсуі мүмкін. Милтон 410 шақырым аумаққа таралып соғып жатқаны хабарланды.
Мамандар әзірден дауылдан келетін шығын 60-100 млрд доллар арасында болуы ықтимал екенін айтып жатыр.
ДАУЫЛ БӘСЕҢСІГЕН
АҚШ-тың ауа райын болжайтын ұлттық қызметі дауыл жағалауға жетерде сәл бәсеңдеп, қаупі жөнінен 3-қатегорияға түскенін жеткізді. Желдің жылдамдығы 154 км/сағат дейін төмендеген.
Мамандар сонда да Милтон өте қауіпті екенін, бірінші кезекте эвакуацияланбаған адамдар үшін қауіп төнетінін қайталауда. Жел екпіні үлкен толқындар тудырып, жаңалауды тереңдігі 4-5 метр болатын су басатынын ескертіп жатыр. Бұған қалың нөсер қосылып, тасқын қаупін төндіруі мүмкін делінуде.
Қазіргі уақытта «Милтон» Флорида арқылы солтүстік-шығысқа қарай жылжып бара жатқаныны хабарланды.
АҚШ төтенше жағдайлар федералдық агенттігінің басшысы Диэнн Крисвелл Флорида тұрғындарын паналайтын арнайы орындарды тастап кету өлімге әкелуі мүмкін екенін ескерті, тұрғындарды ешқайда шықпауға шақырды.
Крисвеллдің сөзінше, арнайы орындарға 70 мыңнан астам адам эвакуацияланған.
Бұған дейін «Милтон» АҚШ-тың соңғы 100 жылдық тарихындағы ең алапат дауыл болуы мүмкін екені айтылған.