Кубаға «Оскар» дауылы жетіп, елді жайпап жатыр

Қалижан Бектемір

Кубаға «Оскар» дауылы жетіп, елді әбігерге салып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: pxhere.com

Метеорологтардың мәлімдеуінше, желдің екпіні сағатына 120 шақырымға жеткен.

Елдің шығысындағы Кариб теңізі маңында толассыз жауын жауды.

2 күннен бері электр жарығы жоқ. Басқа да инфрақұрылым қираған, ағаштар опырылып, жағаға жақын аудандар су астында қалған.

Жалпы «Бостандық аралында» кейінгі 3 жыл бойы электр жарығы жиі өшеді. Оған электр желілерінің ескіргені, су электр стансаларындағы техникалық ақаулар мен жанармай тапшылығы себеп.

Еске салсақ, кеше екі рет жарықсыз қалған Кубаға алапат дауыл келе жатқанын жазған едік. 

АҚШ-тың Ұлттық дауыл орталығы Атлант мұхитында «Оскар» дауылы пайда болғанын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ ірі ЖЭС-тің тоқтауы салдарынан тұтас ел жарықсыз қалғанын хабарлаған едік.