Pinduoduo Қазақстанға тауарлар жеткізуді тоқтатты

Қалижан Бектемір

«Қазпошта» қызметінің мәлімдеуінше, Pinduoduo желісі тауарларды Қазақстанға уақытша жеткізбейтін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: diffreight.com

НЕ ҮШІН

Қазір маркетплейс жүйесінде техникалық жұмыстар мен жаңартулар жүргізіліп жатыр.

Pinduoduo барлық ресми онлайн тасымалдаушыларды 19 қазаннан бастап техникалық жетілдірулерге байланысты уақытша тоқтатты. Өкінішке қарай, жұмысты қалпына келтірудің нақты мерзімін атай алмаймыз, – делінген хабарламада.

БҰҒАН ДЕЙІН...

Pinduoduo немесе PDD – ең үлкен маркетплейстердің бірі. 2015 жылы құрылған, штаб-пәтері Шанхайда орналасқан.

Еске салсақ, Kaspi Түркиядағы ең ірі маркетплейстің бірін сатып алғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ ресейлік маркетплейстер Қазақстанда сату көлемін еселеп арттырғанын хабарладық.